Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бұған дейін президент сайлауына кімдер түсті? (фото)

Опубликовано:

Қазақстанда биыл 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтетін болды. Көпшілік бүгіннің өзінде мемлекет басшысы қызметіне кім келетінін айтып, өз болжамдарын жасап отыр. Ел басшысы таңдалатын саяси науқан осымен қанша рет өткізілді? Онда кімдер өз бағын сынап көрді? KAZ.NUR.KZ тілшісі еліміздегі президент сайлауы тарихына көз жүгіртіп көрді.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: Instagram

1991 жылғы 1 желтоқсандағы президент сайлауына Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев түскен еді.

Тұңғыш президент тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы сайлауда 98,7 пайыз дауыспен жеңіске жетіп, елдің алғашқы президенті атанды.

Фото: e-history.kz
Фото: e-history.kz: Instagram

1999 жылдың 10 қаңтарында Қазақстанда екінші жалпыұлттық сайлау өтті.

Бұл жолы президенттік үміткер ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстанның коммунистік партиясының атынан Серікболсын Әбділдин (13%), тәуелсіз үміткер Ғани Қасымов (4,6%) пен Қазақстанның халықтық бірлігі партиясы атынан Энгельс Ғаббасов (0,76%) түскен еді.

Cайлау нәтижесі бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев 79,78 % дауыспен алға шығып, мемлекет басшысы атанды.

Фото: Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы: Twitter

Фото: Атамекен телеарнасы
Фото: Атамекен телеарнасы: Instagram

Фото: adebiportal.kz
Фото: adebiportal.kz: Instagram

2005 жылдың 4 желтоқсанында елімізде үшінші жалпыұлттық президент сайлауы өтті. Онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың 91,15% дауысын жинап, жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы президенттікке үміткер ретінде "Әділетті Қазақстан үшін" қозғалысының көшбасшысы Жармахан Тұяқбай (6,64%), "Ақжол" демократиялық партиясы атынан Әлихан Байменов (1,61%), Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов (0,34%) пен "Табиғат" экологиялық ұйымының жетекшісі Мэлс Елеусізов (0,28%) түскен еді.

Айта кетерлігі, аталмыш сайлауда Қазақстанда алғаш рет президенттік үміткерлер арасында теледебат өткізілді.

Фото: fergana.ru
Фото: fergana.ru: Facebook

Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz: Instagram

Фото: DailyNews.kz
Фото: DailyNews.kz: Facebook

Ел тарихындағы төртінші президенттік сайлау 2011 жылдың 3 сәуірінде өтті.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев елде төртінші рет мемлекет басшысы қызметіне тағайындалды.

Елбасы бұл жолғы сайлауда 95,55% дауыс жинаса, оның қарсыластары Ғани Қасымов - 1,94%, Жамбыл Ахметбеков – 1,36%, Мэлс Елеусізов – 1,15% жинады.

Фото: parlam.kz
Фото: parlam.kz: Twitter

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы соңғы кезектен тыс сайлау 2015 жылдың 26 сәуірінде өтті. Нұрсұлтан Әбішұлы 97,75% дауыс жинап, жеңіске жетті.

Бұл жолы сайлауда Коммунистік халықтық партиясының Орталық комитетінің хатшысы Тұрғын Сыздықов 1,61% дауыс жинаса, кәсіподақтар федерациясының төрағасы Әбілғазы Құсайынов 0,64% дауыс жинады.
Фото: Sayasat.org
Фото: Sayasat.org: Instagram

Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылдың 19 наурызында отставкаға кетіп, мемлекет басшысы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын президенттікке ұсынды.

Осылайша ағымдағы жылдың 20 наурызында Қасым-Жомарт Кемелұлы тәуелсіз Қазақстан тарихында екінші президент атанды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Ал кезектен тыс сайлау 2019 жылдың 9 маусымына бекітілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788369-kazakstanda-bgan-dejin-prezident-sajlauyna-kimder-tsti-foto/

pixel