RU
Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адам асулы күйде табылды

Қарағанды облысында жоғалып кеткен ер адам асулы күйде табылды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында із-түссіз жоғалған азаматтың денесі асулы күйде табылды. Оның мәйітін бүгін далада, Сарань қаласының шетінен тапқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды обылыснда із-түзсіз кеткен ер адам асулы күйде табылды

Көрнекі фото: ozodlik.org

Марқұмды 58 жастағы қала тұрғыны тауып алған. Әйел адам бірден полиция шақырған.

Сыртқы тексеру барысында сарапшы-криминалистер денесінен зорлық-зомбылық іздерін анықтамады. Ер адамның кім екені анықталды.

"Бұл Сарань қаласының 32 жастағы тұрғыны. Ол із-түссіз жоғалған болып есептелген. Мән-жай анықталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптама тағайындалды", -деп хабарлады Қарағанды облысының ПД-нің баспасөз қызметі.

Қаза болған ер адам 10 сәуірден бері хат-хабарсыз кеткен. Марқұмның туыстары полиция мен еріктілерден көмек сұраған.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel