RU
Ақтөбеде 17 жастағы студент өрт кезінде үйде жалғыз қалған бес баланы алып шықты
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде 17 жастағы студент өрт кезінде үйде жалғыз қалған бес баланы алып шықты

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласы Әбілқайыр хан көшесі бойындағы тұрғын үйден өрт шықты. Оқиға кезінде 50 адам эвакуацияланған. Құтқарылғандардың 20-сы бүлдіршіндер. Өрт сөндірушілер келгенше 17 жастағы студент тұрғындарға хабар беріп, үйлерінде жалғыз қалған балаларды алып шыққан деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде 17 жастағы студент өрт кезінде үйде жалғыз қалған бес баланы алып шықты

Фото: KAZ.NUR.KZ

"Балкон жанып жатқан кезде осы үйдің қасынан өтіп бара жаттым. Үйдің сыртқы беті жанып жатқаннан кейін тұрғындарға хабар беру керек деп ойладым.

Бірден жүгіріп, барлық қабаттағы пәтерлердің есігін қақтым. Екі үйден бес баланы және бір әжені алып шықтым. 

Балалар үйде жалғыз қалған. Бір үйде екі бала отырды, екінші үйде үш қыз бала қалған екен.

Өрт болған үйде ер адам болды. Шелекпен су тасып көмектестік", - дейдіАқтөбе политехникалық колледжінің студентті Илнұр Акмиев.
Ақтөбеде 17 жастағы студент өрт кезінде үйде жалғыз қалған бес баланы алып шықты

Илнұр Акмиев. Фото: KAZ.NUR.KZ

Әбілқайыр хан көшесіндегі үйлердің біріндегі балконнан шыққан өрттің аумағы 6 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ.

"Қалада тез жанғыш жабындымен қапталған осындай 13 үй бар. Оның бәрінде жұмыстар жасалып жатыр", - дейді Ақтөбе облыстық төтенше жағдай департаментінің басшысы Бауыржан Сыздықов.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
9
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel