Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шардарада ауыл әкімі қабылдауға келе алмайтын тұрғындарға өзі барған

Опубликовано:

Шардара ауданы Сүткент ауылдық округының жас әкімі Олжас Айдосов жеке мәселелер жөніндегі ерекше кездесу өткізді. Ол қабылдауға келе алмайтын жандарға өзі барды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Түркістан облысында қабылдауына бара алмайтын тұрғындардың үйіне өзі барған әкім жұртты сүйсінтті
Фото: facebook.com: Facebook

Бұл туралы ақпаратты Кеңесбай Исмайылов өзінің Facebook парақшасында жазған.

Жас әкімнің суретінің астына ол "Мына сурет күнімнің сәтті өтуіне септігін тигізді" деп жазған.

"Мына суретте әкім Олжас оның қабылдауына жазылған мүгедек Қалдыгүл Тайлақованың өтініштерін төсегінің жанында тыңдап отыр", - дейді автор.

Желі қолданушылары бұған қатысты пікірлерін білдірген.

"Осындай әкім көп болса ғой. Халыққа жақын", "Жарайсың, Олжеке", "Дұрыс. Оның еденде отырғаны көп нәрсені білдіреді", "Әкім бол, халқыңа жақын бол", "Сәттілік тілеймін", - деп жазды оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788394-sardarada-auyl-kimi-kabyldauga-kele-almajtyn-trgyndarga-zi-bargan/

pixel