Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досының әйелімен көңіл қосқан қала мэрі кездейсоқ "ұсталып" қалды

Опубликовано:

Қытай тұрғыны видео тіркегішке әйелінің көзіне шөп сағанын кездейсоқ түсіріп алған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қытайлық азамат кездейсоқ әйелінің досымен көзіне шөп салғанын видеоға түсіріп алған
Көрнекі сурет: cdc.spb.ru: Facebook

Оқиға 2016 жылдың тамыз айында болған. Алайда бір минут шамасындағы ролик жуырда жарияланыпты.

Кадрлардан үйге кірген ер адамды көруге болады. Оны қарсы алған қара шашты әйел оның құшағына кіреді.

Олар сүйісіп, ер адам көйлегінің бекітпесін ағытып жібереді. Видеода олардың сөздері естіледі. Азамат сүйіктісін сағынғанын айтады.

Опасыздыққа тап болған отағасы видео-тіркегіші істен шықты екен деп оны үйінде қалдырып кеткен. Камераның істеп тұрғанын білмепті.

Опық жеген күйеуінің сөзінше, видеодағы ер адам оның досы болған. Ол қала мэрі екен.

Алайда әйел адам бәрін жоққа шығарып, ер адамның мас күйде келгенін, кадрға түскен сәт кездейсоқ болғанын алға тартқан.

Ерлі-зайыптылар 2018 жылы ажырасқан. Қала әкімі болған жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартып, көп ұзамай әкімдіктегі жұмысынан кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1788400-dosyny-jelimen-kil-koskan-kala-meri-kezdejsok-stalyp-kaldy/

pixel