RU
Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға барды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға барды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласындағы №2 емханаға барды деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мекеменің жұмысымен танысу барысында Мемлекет басшысы емдеу және күндізгі стационар кабинеттерін және емхананың жедел медициналық жәрдем станциясын аралап көрді.

Емделушілерді арнайы көпсалалы дайындықтан өткен тәжірибелі дәрігерлер қабылдайды. Бұл барлық санаттағы тұрғындарға сапалы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, емханада тұрғындарды ақпараттық қолдау жүйесі жұмыс істейді. Соның ішінде тәулік бойы қызмет көрсететін call-орталық, сенім телефоны және емхананың веб-сайты бар.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel