Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақындығын паш еткен мәжіліс депутаты көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты әрі ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жиылған жұртшылықты өзінің ақындығымен тәнті етті. Желіде ерекше өнерін ортаға салған шенеуніктің видеосы қызу талқыға түсуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Бақытбек Смағұлдың өлең шумақтарын мәнерлеп айтып жатқан сәтін отандық боксшы Садриддин Ахмедов өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Ақындығын паш еткен мәжілісмен өзі оқыған туындысымен жанындағы адамдарды терең ойға түсіргендей болды. Көпшілік шенеуніктің өлеңін ерекше мән бере тыңдады.

Бақытбек Смағұлдың ерекше өнеріне өз көзімен куә болғандар қатарында Ахмедовпен қоса Ермахан Ыбрайымов та бар.

Желі оқырмандары өлең оқыған депутатқа таңданып, оның шеберлігін жоғары бағалаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788439-akyndygyn-pas-etken-mzilis-deputaty-kpsilikti-tnti-etti/

pixel