RU

Концерті аяқталған Мадина Сәдуақасовамен жұрт қимай қоштасты (видео)

Атырау өңірінде жеке концертін берген Мадина Сәдуақасованы тыңдармандары жібергісі келмеген. Сүйікті орындаушысының ән кешіне ағылған көпшілік отандық жұлдызбен қимай қоштасқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Facebook

Өз табынушыларымен концерт соңында тілдескен Сәдуақасова ән кешінің ерекше сәтін өзінің Instagram парақшасында жариялап қойған.

Желіде тараған видеода өнер иесінің өз тыңдармандарымен кезек-кезек суретке түсіп, біраз әңгімелескені көрініс тапты.

Көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген әнші оларға шексіз алғысын білдірген.

Бейнежазбадан концертке жиылған жұртшылықтың Мадинамен қимай қоштасқанын аңғаруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788443-koncerti-aaktalgan-madina-sduakasovamen-zrt-kimaj-kostasty-video.html