RU

Талдықорған әкімі ауысты

Ғалымжан Әбдірайымов Талдықорған әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ztgzt.kz
Фото: ztgzt.kz: Facebook

Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қала белсенділеріне жаңа қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымовты таныстырды.

Ол тағайындалғанға дейін Тараз қаласының әкімі болып жұмыс істеді. Әр уақытта Жамбыл облысы әкімінің орынбасары, Алматы облысы басшысының орынбасары болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін аталған қызметті 2018 жылдың мамырынан бастап Дастан Шалтабаев атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788466-taldykorgan-kimi-auysty.html