RU
"Күн көрсетпеді": Нұрсейітова ата-енесімен ара-қатынасы жайлы жайып салды

"Күн көрсетпеді": Нұрсейітова ата-енесімен ара-қатынасы жайлы жайып салды

Рассказать Вконтакте

Айнұр Нұрсейітова үшінші күйеуінің ата-анасы өзіне күн көрсетпегенін ашып айтты. Үш мәрте ажырасқан ару ата-енесінің өзіне деген шынайы қарым-қатынасы туралы айтып, дәл сол сәтте өміріндегі аса ауыр кезеңдердің бірін өткергенін жеткізді деп жазады vintage.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Instagram жұлдызы үшін үшінші рет тұрмысқа шығу аса ауыр болған. Өзінен әлдеқайда кіші жігітпен көңіл қосқан арудың өмірі некелескеннен кейін күрт өзгеріп кеткен.

Айнұр Нұрсейітова ата-енесінің өзіне деген қарым-қатынасы салдарынан қиын кезеңдерді бастан өткергенін ашық айтты.

"Бастапқыда ол маған ата-анасының бұл жағдайға орынды қарайтынын айтқан болатын. Бірақ іс жүзінде мүлде олай еместігі анықталды. Олар түбегейлі қарсы болды. Аса ауыр жағдай болды. Біз тіпті қайда тығылып қаларымызды білмедік. Қашып жүрдік, бізден бәрін тартып ала бастады" , - деді көзіне жас алып Нұрсейітова.

Оған қоса, танымал бикеш ата-енесінің өзіне қатысты шынайы қарым-қатынасы туралы бар сырын ақтарды.

"Қиын күндер басталды. Біз оның ата-анасынан тығылып жүрдік. Тіпті, бізді күштеп ажырастыруға апарған кездері де болған. Анам маған олардың бәрібір күн көрсетпейтінін айтқан. Ата-енем неғұрлым бізге көп кедергі келтіре берген сайын, жолдасым екеуміз одан бетер жақын болып кеттік. Біз қарсы болғандарға дәлелдегіміз келді өз махаббатымызды.

Біз пәтер жалдап тұрған кезіміз де болды. Оның анасымен біз басынан бастап жақсы арақатынас құра алмадық. Ол кісі алғаш танысқан кезде де оның маған өтірік айтып жүргенін жасырып қалды. Оның менен кіші екенін айтпады. Енеме менің ажырасқаным мен ұлым бар екені көңіліне жақпады.Олар мені тіпті солай-ақ атаған "ажырасып шыққан әйел" деп.

Ол кісі үнемі ұлына хабарласып, менен бас тартуын сұрап жүрді. Енем жолдасымды басқа қызға лайық деп санады. Олардың отбасы ауқатты болды. Сол себептен, енем ұлына ең жақсы қыз керек деді. Шыны керек, олардың түсінігінде бәрі есеппен болды.

Мен ол кісіні түсінбейтінмін. Бірақ, ұрыспауға тырыстым. Қандай болғанда күйеуімнің анасы ғой. Ол кісі маған қырғын керағар нәрселер жазды. Мен жауап бермей қоятынмын, сүйіктім үшін үндемейтінмін. Ол анасымен татуласуы үшін мен бәрін істедім.

Менің ата-анам менің бақытым үшін бәріне де көнді, оны қабыл алды. Алайда, оның отбасы одан теріс айналды. Кейіннен олар ақыры бір мәмлеге келгендей болып, қайта араласа бастады. Жолдасым екеуміз қызды болған соң, Дубайға демалуға барамыз деп шештік. Мен үлкен ұлымды алған соң, ол інісін алам деп шықты.

Сол демалыста анасы менің ашуымды өте қатты тудырды. Ол кісі мен оның екі ұлын да демалуға апарып келгеніме рахмет те айтпай, кенжесін ренжітіп қойдық деп айыптай бастады. Көп артық нәрсе жазды. Сол кезде, мен бірінші рет жауап бердім. Оған дейін талай ескерттім, осымен тоқтаңыз өтінемін деп. Бірақ қоймады. Сосын менен де жауап болды.

Мен оның бұл агрессиялық әрекетін деградация деп білемін. Үнемі үйде отырып, жұмыс істемейтін адам балаларының өміріне етене араласуды жөн көрсе керек. Енем менің ұлыма тіл тигізгенде мен сөздің шыны керек жарылдым. Нәтижесінде, ол кісі одан бетер ашуға булығып, күйеуіме хабарласты. Оны маған қарсы қоя бастады.

Тіпті, бізді ЗАГС-ке апарып, ажырастырмақ болды. Екеумізден сол кезде мекеме қызметкерлері "өз қалауларың ба" дегенде біз бір-бірімзіге қарап тұрып қалдық. Ата-анамыз біз үшін жауап беріп жатты. Оның әкесі маған жамандық жасамады, бірақ мен ол кісіге де өкпем бар. Ол араласпауы керек болған жерге бас сұқты. Ер адамға тән емес қылық танытты.

Хикаяның соңында, енем мені жолдасым екеумізге әже сыйлаған пәтерден қуып шықты. Күйеуім мені жақтамады, сатып кетті" , - деді Айнұр Нұрсейітова.

Айта кетейік, бұған дейін Айнұр Нұресйітова үшінші күйеуінің өзінен әлдеқайда жас болғанын мәлімдеген.

Сіздің реакцияңыз
16
0
2
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel