RU
"Роскосмос" басшысы Ресейге жалға берілген Байқоңыр туралы айтты
Жаңалықтар Қоғам

"Роскосмос" басшысы Ресейге жалға берілген Байқоңыр туралы айтты

Рассказать Вконтакте

"Роскосмостың" басшысы Дмитрий Рогозин Байқоңырдың жағдайы туралы ақпаратқа түсініктеме берді деп хабарлайды ФАН сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Дмитрий Рогозин. Фото: kremlin.ru/ РФ президентінің баспасөз қызметі

Дмитрий Рогозин. Фото: kremlin.ru/ РФ президентінің баспасөз қызметі

Оның айтуынша, Байқоңыр қаласын Ресейге жалға беруді тоқтату мәселесі талқыланбайды.

Осылайша, Рогозин БАҚ-та пайда болған хабарламаларды жоққа шығарды.

"Біз жақында ғана жалға беруді 2050 жылға дейін ұзартуға қол қойдық. Қайдағы жалға алудан шығару?"- деді Рогозин.

Сондай-ақ, ол Ресей тарапынан осы мәселе бойынша ешқандай күмән жоқ екенін, қалыпты жұмыс жалғасып жатқанын алға тартты.

"Роскосмос" басшысы жақында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездескенін еске салды. Онда "Бәйтерек" (ресейлік зымырандарды ұшыру жоспарланып отырған қазақстандық кешен) болашағы туралы мәселе қозғалған.

Әңгіме жауапты және мейірімді нотада өткен, сондықтан шарттық қарым - қатынастардың аяқталуы туралы айту - негізсіз деп есептейді Дмитрий Рогозин.
Байқоңыр. Фото: roscosmos.ru

Байқоңыр. Фото: roscosmos.ru

ТАСС хабарлағандай, бұл жөнінде Қазақстанның Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі де түсініктеме берді.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық тарап ғарыш айлағы мен қаланы жалдау мерзімін өзгерту мақсатында Ресеймен жасалған шарттарды қайта қарауды жоспарлап отырған жоқ. Елдер арасындағы келісімнің қолданылуы 2050 жылға дейін ұзартылған.

Естеріңізге сала кетейік, 11 сәуір күні ведомство министрінің орынбасары Марат Нұрғожин сенатор Мұрат Бақтиярұлы сұрағаннан кейін Байқоңырды ресейлік жалға алудан біртіндеп шығару жөніндегі жоспарлардың бар екендігі туралы айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel