RU

Атырау облысына жаңа прокурор тағайындалды

Халидулла Дәуешов жаңа лауазымға ие болды. Енді ол Атырау облысының прокуратурасын басқарады деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Халидулла Дәуешов. Фото: kzvesti.kz
Халидулла Дәуешов. Фото: kzvesti.kz: Instagram

Халидулла Дәуешов 55 жаста.

Еңбек жолын 1991 жылы прокурордың көмекшісі лауазымынан бастаған.

Әр жылдары Атырау облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген.

Ол 2010-2012 жылдары Атырау прокуроры қызметін атқарды.

2012-2016 жылдары Жамбыл облысы прокурорының орынбасары, кейіннен БҚО прокурорының орынбасары болды.

2016 жылдың маусым айында Қызылорда облысының прокуроры болып тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788481-atyrau-oblysyna-zaa-prokuror-tagajyndaldy.html