RU
Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып, бала туды
Жаңалықтар Әлемде

Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып, бала туды

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен бала тауып, оны алудан бас тартқан деп хабарлайды Орталық Азия жаңалықтар қызметі.

Қырғызстанда 15 жастағы қыз туған әкесінен бала тапты

Көрнекі фото: Bash.News

Бұл ақпаратпен "Ак журок" дағдарыс орталығының жетекшісі Дарика Асылбекова бөлісті.

"Мерзімінен бұрын толғағы келген. Сол үшін операция жасауға тура келген. Жасөспірім нәрестесінен бас тартқан. Ата-анасы оны қолдап отыр. Біз оны дағдарыс орталығына алып кетеміз", - дейді ол.

Бүгінде ана мен баланың жағдайы жақсы. Жансақтау бөлімінде жатқан нәресте енді оңалту орталығына жіберілмек.

Анықталғандай, жасөспірімнің анасы 2013 жылы ауыр дерттен көз жұмған. Бауырларымен бірге әкесінің қолында тұрған қыз мектепке де бармаған.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында жасөспірімнің әкесі қызын зорлады деген күдікпен ұсталды.

Милиция оның психикалық аурумен ауыратынын айтып отыр. Қазір азаматтың ісі Өзген сотында қаралып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
5
14
3
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel