RU
Пәктігін саудаға салған қызды елге көрсеткен продюсер әзілкешті батлға шақырды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Пәктігін саудаға салған қызды елге көрсеткен продюсер әзілкешті батлға шақырды

Рассказать Вконтакте

Осыдан бірнеше күн бұрын пәктігін саудаға салған қызды эфирге шақырып, басы дауға қалған отандық бағдарламаның продюсері Жангелді Таңатбекұлы танымал әзілкеш Нұрболхан Шараповты медиа-батлға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жангелді Таңатбекұлы, Нұрболхан Шарапов. Фото: Видеодан кадр, әзілкештің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Жангелді Таңатбекұлы, Нұрболхан Шарапов. Фото: Видеодан кадр, әзілкештің жеке парақшасынан. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Продюсердің видео-үндеуін әзілкеш өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Видеода бағдарлама продюсері Жангелді Таңатбекұлы: "Өз ойымның" артын аштым деп, алты алаштан сүйінші сұрап жүрген Нұрболхан! Мен сені ертең медиа-батлға шақырамын. Қай жерде болатынын жекеңе қалдырдым", - дейді.

Алайда Нұрболхан Шарапов алғашында өзінің батлынан бас тартқан бағдарлама продюсерінің ұсынысына келіспейтінін жеткізген.

"Құрметтi, бағдарламаның продюсерiмiн деп таныстырған жiгiт. Басшылық, жүргiзушiлер барлық жауапкершiлiктi сенiң мойныңа артып қойғаны үшiн сенi аяп отырмын.

Көтере алмайтын шоқпарды белiңе байлама. Осылай видео-үндеу жасай алады екенсiңдер ғой. Неге осындай видео арқылы халықтан кешiрiм сұрамайсыңдар?!

Анау, оқудан сендердiң кесiрлерiңнен шығарып жiберген қызды неге қайта оқуын жалғастыруға ат салыспайсыңдар?!

Типа медиа-батлыңа бара алмаймын. Себебi, мен бiрiншi батлға шақырғанда сендер бас тартқансыңдар. Бара алмайтын себебiм: мен ерiгiп жүрген жоқпын сендер сияқты. Түсiрiлiм алаңынан қолым тимейдi. Бүгiн Алматыға жол жүремiн. Әзiрге әлеуметтiк желi арқылы сөйлесемiн", - деп жауап берген әзілкеш.

Естеріңізге сала кетейік, отандық бағдарламаға келген ару пәктігін екі млн теңгеге бағалаған болатын. Бойжеткен тапқан ақшасына оқуының ақысын төлеп, қайтадан жасанды пәктік салдырмақ болған.

Алайда студент қыз танымал әзілкешпен сұқбат барысында ол бағдарламада тек рөл ойнағанын мойындаған.

Кейін танымал әзілкеш бойжеткенді оқу орнынан шығарып жібергенін де мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ, танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт жас қыздың тағдырымен ойнаған әріптестеріне шүйлікті.

Сіздің реакцияңыз
21
1
1
3
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel