Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандықтар әлемдік додада топ жарған жерлестеріне қымбат көлік мінгізді

Опубликовано:

Малайзияда өткен әлемдік спорттық додада топ жарған түркістандық қол күресшіге риза болған жерлестері оған қымбат темір тұлпар мінгізген. Алайда, спортшы бағалы сыйлықты өзін кішкентайынан баулыған бапкеріне тарту еткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: armpower.net
Фото: armpower.net: Facebook

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының тумасы әлемдік сында өзінен 55 келі ауыр польшалық қол күресшіні жеңіп кеткен.

24 жастағы Қыдырғали Оңғарбаевтың бұл жетістігіне қатты қуанған жерлестері оған Toyota Land Cruiser көлігін мінгізеді.

Бірақ, бұл қымбат көлікті спортшы өз бапкеріне тарту еткенді жөн көрген. Ол бұл әрекетімен өзін бала күннен баулыған Арман Романұлына өз алғысын білдіргісі келсе керек.
Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Бағалы сыйды тарту еткен жергілікті қалталы азаматтар қол күресшінің келесі жеңісіне Алматыдан пәтер алып беруге уәде еткен.

Қыдырғали Оңғарбаев әлемнің күшті қол күресшілері бақ сынаған жарыста әлемнің ең мықты үздік сегіздігіне енген.

Дәл осы додада қазақ жігіті польшалық спортшыны 5:1 есебімен жеңді. Жыл соңына дейін Қыдырғали Оңғарбаев тағы екі сыннан сүрінбей өтсе, әлемнің нөмірі бірінші қол күресшісі атанбақ.
Фото: armpower.net
Фото: armpower.net: Facebook

Еске салсақ, бұған дейін қазақ жігіті Оңтүстік Кореяда өткен жарыста 37 кәрісті тізе бүктіріп, әлемді өзіне қаратқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1788520-trkistandyktar-lemdik-dodada-top-zargan-zerlesterine-kymbat-klik-mingizdi/

pixel