RU
Нұр-Сұлтанның қақ ортасында қой сойған жігіт жазаланды

Нұр-Сұлтанның қақ ортасында қой сойған жігіт жазаланды

Рассказать Вконтакте

Елордадағы ғимарат жанында қой сойған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адам сол бардың иесі болып шыққан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical

Видеодан кадр: instagram.com/astana_typical

Күні кеше "Instagram әлеуметтік желісінде белгісіз ер азаматтың рестобардың алдындағы көгалда қой сойғаны жайлы видео пайда болған еді.

Желідегілердің наразылығын тудырған бейнежазбаға қатысы полиция пікір білдірді.

"2018 жылдың 6 тамызында "Есіл" ауданы полиция басқармасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан кодексінің 505 бабы 1 тармағы "қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру" бойынша А. есімді бардың иесі әкімшілік жауапқа тартылды", - деп атап өтті Нұр-Сұлтанның полиция департаменті.

Осы бап бойынша ережені бұзу ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан қаласының ортасында қой сойған ер азаматтың әрекетіне тұрғындар қатты таңғалған еді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
5
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel