RU
Ауқатты әйелін мұрагерлік үшін өлтірген ер адамның қылмысы ашылып қалды
Жаңалықтар Әлемде

Ауқатты әйелін мұрагерлік үшін өлтірген ер адамның қылмысы ашылып қалды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та өз әйелін мұрагерлік үшін аяусыз өлтірген 45 жастағы Родерик Ковлинге үкім шықты деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

АҚШ-та күйеуі ауқатты әйелін мұрагерлік үшін аяусыз өлтірген

Фото: lenta.ru

47 жастағы қаржыгер Шеле Данишевский-Ковлин 2009 жылдың желтоқсан айында көз жұмды. Қанды суға толы ваннада жатқан әйелдің денесін тоғыз жасар қызы Анна тауып алған.

Кішкентай қыз бірден көрші үйде тұратын әкесін шақырыпты. Ал оқиға орнына полицейлер келгенде ол әйелін сүрініп, құлап қалды деп айтқан.

Әйелдің өлімі жазатайым оқиға деп танылып, екі күннен кейін мүрдені ашпастан, келіншек жер қойнына берілген. Кейін анықталғандай Шеле жантәсілім болған жерден саусақ іздері алынып, ДНК сараптамасы жасалмапты.

Қаза тапқан келіншектің туыстары бұл жайттың қолдан жасалғанын жақсы түсінді. Отбасы іштегі күдікті сейілту үшін мәйітті қайта алып шығып, сараптама жасатады. Денені ашу кезінде әйелді буындырып өлтіргені анықталған. Буындыру нәтижесінде тіл асты сүйегі сынғаны дәлелденді.

Барлық күдік Родерикке келіп тірелді. Оның қолында әйелдің пәтерінің кілті болды. Шеле көзі тірісінде ажырасуға арыз беріп, күйеуін мұрагерліктен алып тастауға шешім қабылдаған екен. Ал өсиеттен оның есімін алып тастағанда Родерик бес миллион доллардан айырылатын еді.

Тергеу мәліметтерінше, ер азамат балалар ұйықтап жатқан кезде әйелін буындырып, суға толған ваннаға жатқызып кетіпті.

Сот Родерик Ковлинді кісі өліміне кінәлі деп тауып, өмір бойын бас бостандығынын айырды.

Оның 25 жылдан мерзімінен бұрын бостандыққа шығуға құқы бар.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel