RU
24 жастағы қазақстандық дзюдошының неден көз жұмғаны белгілі болды
Жаңалықтар Спорт

24 жастағы қазақстандық дзюдошының неден көз жұмғаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның екі дүркін чемпионы Аэлита Щербакова сирек кездесетін аурудан қайтыс болған. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясының пиар менеджері Әйгерім Тоқсанбек мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

Әйгерім Тоқсанбектың сөзінше, Аэлита Щербакова соңғы кезде дәрігерлердің жіті бақылауында болған.

"2019 жылдың 3 сәуірі күні Аэлита Щербаковаға дәрігерлер "идиопатикалық апластикалық анемия" деген диагноз қойды. Спортшының денсаулығы дәрігерлердің бақылауында болған", - дейді ол.

Сонымен қатар федерация өкілі дзюдошы қыздың денсаулығы бұған дейін сыр бермегенін жақсы күресіп жүргенін алға тартты.

"Жарыстар мен жаттығу жиындарының алдында олар міндетті түрде дәрігерлер тексеруінен өтеді. Спортшылар медициналық тексеріс нәтижесі жақсы шықса ғана, дәрігерлердің рұқсатымен жарыстарға жіберіледі.
Сондай-ақ дзюдошылар ұлттық құрамаға кіретін кезде де медициналық тексерістен өтеді. Аэлита Щербакованың осыған дейінгі барлық медициналық тексерісінің нәтижесі оң болған", - дейді Әйгерім Тоқсанбек.

Алайда, пиар менеджер 24 жасында қайтыс болған спортшының нақты қай ауруханада емделгенін айтпады.

Айта кетейік, апластикалық анемияға шалдыққандардың жілік майы қан құрамындағы эритроцит, лейкоцит және тромбоциттерді қажетті мөлшерде бөлмейді.

Аталған ауру сирек кездеседі. Оған жылына миллион адамның ішінде 2-6 жан ғана шалдығуы мүмкін.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel