RU
"Құжаттарын қараймыз": ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

"Құжаттарын қараймыз": ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді

Рассказать Вконтакте

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Зәуреш Баймолдина дипломатиялық қызметке байланысты қазір Қазақстанда тұрмайтын елші Иманғали Тасмағамбетов сайлауға түсе ала ма деген сұраққа жауап берді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Фото: © Sputnik / Рамиль Ситдиков

Журналистер Зәуреш Баймолдинадан Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов кезектен тыс президент сайлауына қатыса ала ма деп сұрады.

"Егер республикалық қоғамдық бірлестік оның кандидатурасын ұсынса, құжаттарын қарайтын боламыз", - деді ол ОСК отырысынан кейін.

Баймолдина Конституция бойынша Қазақстанның әр азаматы сайлауға қатысуға немесе дауыс беруге құқылы екенін атап өтті.

"Президенттікке кандидаттарды ұсыну құқығы республикалық қоғамдық бірлестіктерге тиесілі. Олар кімді ұсынатынын өздері шешеді. Үміткерлерді ұсыну 28 сәуір сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Орталық сайлау комиссиясы бес күн ішінде үміткердің Қазақстан заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкестігін анықтайды", - деді Баймолдина.

БАҚ өкілдері ОСК мүшесінен елшілердің сайлауға түсу мүмкіндігі туралы да сұрады.

"Біріншіден, елші саяси мемлекеттік қызметші болып саналады. Егер ол кандидат барлық талапқа сәйкес келсе, яғни жасы қырықтан асқан, тумысынан Қазақстан азаматы, мемлекеттік қызметте бес жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі бар, соттылығы жоқ, жемқорлық қылмысын жасамаған, осының бәрі ескеріледі", - деді ол.

Баймолдина бұған дейінгі президент сайлауында дипломатиялық қызметкер болған Ғани Қасымовтың кандидат болғанын атап өтті.

"Кандидаттың құжаттарын көрмей жатып, нақты жауап бере алмаймын. Орталық сайлау комиссиясы алқалық жиында үміткердің талаптарға сәйкестігін қарап, шешім шығарады", - деді ол.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
4
51
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel