RU
Аша Матайды өзі ұзатқан Жазира Байырбекова ел арасындағы қауесетке сеніп қалған
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Аша Матайды өзі ұзатқан Жазира Байырбекова ел арасындағы қауесетке сеніп қалған

Рассказать Вконтакте

Жазира Байырбекова Арман Қоңырбаев пен Аша Матайға қатысты ел арасына тараған қауесетке сеніп қалған. Аша Матайды өз қолымен ұзатқан әнші өнердегі сіңлісіне басу айтып үлгерген. Бұл жайында Жазира Байырбекова "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасында айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аша Матай, Арман Қоңырбаев, Жазира Байырбекова. Фото: Әншілердің жеке парақшасымен. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Аша Матай, Арман Қоңырбаев, Жазира Байырбекова. Фото: Әншілердің жеке парақшасымен. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Осыдан үш жарым жыл бұрын жаңа өмірге қадам басқан Аша Матайды, өз қолымен ұзатып, ұясынан ұшырған Жазира ерлі-зайыптылар үшін неліктен қатты алаңдағанын түсіндірді.

"Ашаны мен ұзаттым ғой. Екеуі ажырасса менің атыма сын келеді ғой. Мен айттым Ашаға "Аша, сен де жақсы адамсың, Арман да жақсы адам. Бірақ екеулеріңнің бір тіл табыса алмай жатқандарыңды қарашы" дедім", - дейді Жазира Байырбекова.

Тіпті әнші Арман Қоңырбаев пен Аша Матайға өзінің уайымға салынғанын да айтып берген.

"Жазира ханыммен көрісіп қалғанда "Ойбу, бұл сондай бір жарнамаларың болған ба? Мен шошып кеттім. Хабарласайын ба деп уайымдап жүрсем. Хабарлассам тағы да қабаттасып кетемін бе деп ойладым. Не деп айтамын? Маған ренжитін болар" деп кәдімгідей уайымдап жүргенін айтты", - дейді жұлдызды жұп.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында ерлі-зайыпты жұлдыздар желіде жұмбақ жазба қалдырып, тыңдармандарын алаңдатып қойған болатын.

Сіздің реакцияңыз
13
1
0
2
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel