RU

Алматылық ару тырнағына Тоқаевтың суретін салып алды (видео)

Алматылық маникюр маманы Instagram желісіндегі оқырмандарын ерекше жұмысымен қуантты. Ол Қазақстанның туы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреті бейнеленген патриоттық маникюр жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото instagram.com/by_ga_official
Фото instagram.com/by_ga_official: Instagram

Көпті креативпен таңғалдырған ару екінші қолына Бәйтерек пен Хат-Шатырдың суретін салып, Нұр-Сұлтан сөзін алтын жазумен жазған.

Тоқаевтың портреті мен елорданың көрнекі орындарының суретін маман өз қолымен салыпты.

"Нұр-Сұлтандықтарға жалында сәлем жолдаймын", - деп жазған бойжеткен.

"Зергерлік жұмыс", "Мұндай маникюр жасау үшін Нұр-Сұлтанды қатты жақсы көру керек", "Президент қатты ұқсайды-жарайсың", - деп жазған желі қолданушылары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788577-tokaev1.html