RU

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Алдағы үш күнде елімізде күн суытуы мүмкін деп хабарлайды"Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Синоптиктердің болжамынша, 13-15 сәуірге аралығында ел аумағында салқын ауа райы күтіледі.

Республикамыздың солтүстігінде жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар жауып, ауа температурасы төмендеуі ықтимал.

Ал оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда жауын-шашынсыз, жылы ауа райы күтіледі.

Алайда жаңа апта яғни дүйсенбі оңтүстік халқы үшін өткінші жаңбыр, найзағай және екпінді желмен басталуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788599-kar-aralas-zabyr-demalys-knderi-aua-rajy-kandaj-bolady.html