RU
Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды

Рассказать Вконтакте

Заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Женевада БҰҰ-да қызмет етуі кезектен тыс президент сайлауына түсуге кедергі бола алмайды деп мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter парақшасынан алынды

Фото: Қасым-Жомарт Тоқаевтың twitter парақшасынан алынды

"Дипломатиялық қызмет туралы" заңның 15-1 бабына сәйкес, дипломатиялық қызметкерлер халықаралық ұйымдарға жіберіледі. Қазіргі президентіміз жұмыс бабымен іс-сапарға жіберіліп, БҰҰ-да қызмет атқарды. Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев шетелде тұрған жоқ, тек қызмет етті. Ол біздің мемлекеттік органдармен байланысын үзген жоқ. Еліміздің азаматы болғандықтан, бәрі Қазақстан заңнамасына сай жүзеге асты", - дейді заң ғылымдарының докторы Марат Сәрсембаев.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2011 жылдың наурыз айынан бастап 2013 жылдың қазан айына дейін БҰҰ бас хатшысының орынбасары, ұйымның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры қызметін атқарды.

Бұған дейін әділет вице-министрі Наталья Пан президент сайлауына түсетін үміткерлерге қойылатын талаптарда шетелдік іс-сапарлар туралы жазылмағанын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауға түсуіне еш кедергі жоқ екенін жеткізген болатын.

Еске сала кетейік, 9 сәуірде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel