RU
Өзбекстан президентінің қызы басшылық қызметке тағайындалды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстан президентінің қызы басшылық қызметке тағайындалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтың үлкен қызы Саида Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасарларының бірі болып тағайындалды. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан-ға сілтме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Саида Мирзиёева Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің директорының орынбасары болды

Фото: uz.sputniknews.ru

"Бүгін Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінде Президент Әкімшілігінің Басшысы Зайнилобиддин Низомиддиновтың басшылығымен кеңейтілген отырыс өтті.
Отырыс қатысушыларына агенттіктің жаңа басқарушы құрамы таныстырылды: агенттік директоры - Комил Исмаилұлы Алламжанов, директордың бірінші орынбасары - Ходжиметов Авазбек Жаббаркулұлы, директордың орынбасарлары - Мирзиёева Саида Шавкатқызы мен Бозоров Гайрат Назарұлы", - деп хабарлады агенттікте.

Сонымен қатар, жазбада кеңейтілген отырысқа қатысушылар агенттіктің үкіметпен және Олий мажлис палаталарымен өзара байланысты тереңдету, ақпараттық саясатты әзірлеу және іске асыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Сіздің реакцияңыз
19
1
0
1
2
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel