RU
ШҚО-да Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды

ШҚО-да Курчатов қаласының әкімі қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

ШҚО-да Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов қайтыс болды. Шенеунік ұзақ уақыт бойы ауырған. Қаралы хабарды саясаттанушы Ербол Еділов өзінің Telegram-каналында жеткізген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алмас Оңдақанов. Фото: Telegram/Yedilov online

Алмас Оңдақанов. Фото: Telegram/Yedilov online

Алмас Аманқолұлы 44 жасында көз жұмған.

Ол Алматы қаласында туып-өскен.

1995 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын "Мемлекеттік басқару" мамандығы бойынша тәмамдаған.

Төрт жылдан соң, Алматыда президентке қарасты мемлекеттік қызмет академиясын аяқтады. Академияда ол "Агроөндірістік саладағы экономика және басқару" мамандығы бойынша оқыған.

Мемлекеттік қызметте 1995 жылдан бастап қызмет етті.

2013-2016 жылдары ШҚО-дағы Зайсан ауданының әкімі болып жұмыс істеді. 2016-2017 жылдары ШҚО әкімнің әкімшілігін басқарды.

2017 жылдың наурыз айынан бастап, Курчатов қаласының әкімі болы қызмет етті.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel