RU
Алматы тұрғыны ашулы ер адамның көше ортасында әйелін сабап тастағанын айтты

Алматы тұрғыны ашулы ер адамның көше ортасында әйелін сабап тастағанын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының Дина есімді тұрғыны көшеде кетіп бара жатқанда әйел адамның соққыға жығылғанына куә болғанын айтты. Ол жәбірленушіні қорғап қалғысы келгенімен, өзі де ашуға булыққан азаматтың қаһарына ұшыраған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны көз алдында әйел адамның еркектен таяқ жеп қалғанын айтты

Шабуылдаушы ер адам. Фото: куәгер

Оның сөздерінше, бұл оқиға 12 сәуір күні кешкі сағат 7 шамасында Орталық мәдениет және демалыс саябағаның маңындағы мейрамханалардың бірінде болыпты.

Дина арбада жатқан сәбиімен бірге тротуармен жүріп келе жатқан. Кенеттен ол айқайлаған әйелдің жандауысы шыққанын естиді. Жол бойында бала жетектеген келіншектің артынан ер адам кетіп бара жатыпты.

«Ол жүгіріп барып бар күшімен әйелдің арқасынан теуіп жіберді. Жерге құлап қалған келіншекті одан сайын ұра бастады. Мен телефонды алып "қазір полиция шақырамын" деп айқайлай бастадым. Ол маған тіпті мән де бермеді. Айналада қаумалаған адамдардың барлығы тек қарап тұрды», - дейді алматылық әйел.

Ер адам әлгі әйелді өлтіріп қоя ма деп қорыққан Дина тәртіп сақшылары келгенше қарап тұрмайын деен оймен шабуылдаушыға тұра ұмтылған. Сол сәтте ашулы азамат бірден қорғаушы әйелге жармаса кетіпті.

«Ол менің бетімнен ұрып, тіпті тұншықтырғысы келді. Боқтық сөздерін жаудырып, қорқытты да. Ол менің сырт киімімнен ұстап, мен қорғанып жатқан кезде ғана бір жігіт оны итеріп жіберді», - деп баяндады жас ана.

Сол кезде Дина қоғамдық тәртіпті бұзып, ойына келген азаматты суретке түсіріп, полиция шақырған.

Алайда полицейлер жарты сағаттан соң бір келіпті. Оған дейін ер адам баланы алып, белгісіз бағытқа қашып үлгерген. Сонымен бірге, таяқ жеген әйел де оқиға орнынан кетіп қалыпты.

Дәрігерлердің көмегіне жүгінген алматылық әйелполицияға арнайы барып, арыз қалдырған.

NUR.KZ редакциясы Алматы полициясына хабарласып, мән-жайды анықтап көрді.

Аталмыш оқиға бойынша Медеу аудандық полиция департаментіне куәгер хабарласқан. Қазір тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
13
10
0
2
0
6
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel