Выйти
RU

Қарағандыда жаппай төбелес болып, 46 жастағы азамат ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Полиция қызметкерлері 46 жастағы Қарағанды азаматын ұстады. Оған бұзақылық бабы бойынша айып тағылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағандыда жаппай төбелес болып, 46 жастағы азамат ұсталды

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі қаладағы кафелердің бірінде болған жаппай төбелеске қатысты мәліметтермен бөлісті.

Ведомствоның ақпаратынша, демалушылар арасында болатын әдеттегі жанжал кезінде 26 жастағы қыз зардап шеккен.

«Instagram желісінде «skandal_krg» парақшасында жарияланған мәліметке сай, 12 сәуір күні сағат 23.50-де Кривогуз көшесінде орналасқан кафелердің бірінде белгісіз азамат кикілжің кезінде 26 жастағы қала тұрғынына дене жарақатын салған.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстық полиция қызметкерлері 46 жастағы азаматты ұстады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабының 1-бөлігімен «Бұзақылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлайды Қарағанды облысының ДП баспасөз қызметі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қарағандыда жаппай төбелес болып, 46 жастағы азамат ұсталды