Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жаяу жүргіншілер 15 млн теңге айыппұл төлеген

Опубликовано:

Алматы облысында жылдың басынан бері 33 жаяу жүргінші көліктің астында қалып қаза тапса, 170 адам жол апаты салдарынан сансыз жарақат алған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: Depositphotos
Көрнекі сурет: Depositphotos: Depositphotos

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жолдағы қауіпсіздікті сақтауды ескерту, патруль қызметінің күшейтілуі мен айыппұлдардың қатаңдатылуына қарамастан, жол апатының саны айтарлықтай көбейе түскен.

Осы жылдың өзінде шамамен үш мың жаяу жүргінші әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 15 миллион көлемінде айыппұл төлеген олар жолды тыйым салынған жерден кесіп өтпек болған.

"Алдымен ескерту жасаймыз, кейін айыппұл саламыз. Оған қоса, жаяу жүргіншілерге жол бермеген 986 көлік жүргізушісі 24 896 500 теңге көлеміндегі айыппұл төлеуге мәжбүрленді" , - деді департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер азаматтарды жол ережесін қатаң түрде ұстануға шақырып, дабыл қағуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788759-almaty-oblysynda-zaau-zrginsiler-15-mln-tege-ajyppl-tlegen/

pixel