RU
Қазақстан тумасы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды (видео)
Жаңалықтар Спорт

Қазақстан тумасы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жекте жеңіліп қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстан тумасы Кристина Хаммер кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болды. Боксшы қыз орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атығы үшін жекпе-жекте ұтылып қалды деп жазады sport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жекпе-жек бүгін, АҚШ-тағы Нью-Джерси қаласында өткен. Кристинаның қарсыласы болып рингке америкалық Кларесса Шилдс шықты.

Кездесу он раундқа дейін созылды. Әрбір раунд екі минуттан болған. Жекпе-жек нәтижесінде төрешілердің шешімімен жеңіс америкалық боксшыға бұйырды.

Кристина Хаммер кәсіби мансабындағы алғашқы жеңілісне тап болды. Кларесса Шилдс одан WBO титулын тартып алды.

Айта кетерлігі, Кристина Қарағанды облысында дүниеге келген. Алайда, кейіннен ата-анасымен бірге Германияға көшіп кетті. Бойжеткен әлі де сол елде тұрып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel