RU
Непалда әуе апаты орын алды: қаза тапқандар бар
Жаңалықтар Әлемде

Непалда әуе апаты орын алды: қаза тапқандар бар

Рассказать Вконтакте

Непалдың шығысында орналасқан Лукла қаласының Тенцинг-Хиллари әуежайында ұшақ тікұшақпен соқтығысып, үш адам қаза тапты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: setopati.net

Фото: setopati.net

Жолаушылар ұшағы ұшу-қону жолағына жақын тұрған тікұшақпен соқтығысып қалған. Нәтижесінде үш адам қаза тауып, бесеуі жарақаттанған.

Қаза тапқандар арасында ұшақ пилоты мен тікұшақ жанында тұрған екі тәртіп сақшысы бар.

Әуе кемелерінің не себептен соқтығысып қалғаны әлі хабарланбай жатыр. Полиция тергеу жүргізуде.

Непалда әуежайды айнала қоршаған тауларға байланысты, тіпті, тәжірибелі ұшқыштар үшін де ұшу-қону жолағы ең қауіпті аймақ болып саналады

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel