RU

Маңғыстау облысында балшыққа батқан жұрт жолды өздері жөндеуге көшкен (видео)

Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының тұрғындары жаңбырдан кейін балшыққа айналған елді мекеннің жолын өздері жөндеп жатыр деп хабарлайды Lada.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

фото: Lada.kz
фото: Lada.kz: Facebook

Желіде балшыққа белшесінен батып, мектепке бара жатқан балалар бейнеленген видео тараған.

Осыған байланысты ауыл тұрғындары аудан билігінен еш жауап күтпестен жолды жөндеу жұмыстарын бастап кетті.

Басқұдықтық Мейірбек Тұрмамедовтың айтуынша, тұрғындар жолды бірнеше жылдан бері өздері жөндеп жүр екен.

"10 мың теңгеден жинаймыз. Бізде 10-12 адам. Әкімдік жолдың сапасына мән бермейді. Әсіресе жаңбыр жауғаннан соң. Балалар мәжбүрлі түрде балшығы жоқ жолдың шетімен мектепке барады. Осымен алтыншы жыл қатарынан жолдың белгілі бір бөлігін өзіміз жөндеп жүрміз. Бұл жолы ауылдағы Байтерек көшесін дұрыстадық", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788798-magystau-oblysyny-trgyndary-zoldy-zderi-saluda-video.html