Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда 20 жылдық түлектер көп балалы сыныптасына баспана сыйлады (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысы Шардара ауданында 20 жылдық түлектер тоғыз баласы бар сыныптасына баспана сыйлады деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Depositphotos

Түлектер игі іс жасап қуантқан көпбалалы Волокитиндер отбасы Қоссейіт ауылының тұрғындары.

Отағасы Андрей ауыл тұрғындарының тұрмыстық техникаларын жөндеп нәпақы тапса, Анастасия мен ересек перзенттері шаруа қожалықтарында жалдамалы жұмыс істеп, киім-кешек, қысқы азық-түліктерін түгендеп келген.

Тұрақты жұмыс болмаған соң отбасының баспана алуға да шамасы келмей, пәтер жалдап тұратын еді.

Осыны ескерген Қоссейіт ауылындағы "Сырдария" жалпы орта мектебінің 20 жылдық түлектері көпбалалы жанұяға ерекше сыйлық жасағысы келген.

Фото: ernur.kz
Фото: ernur.kz: Depositphotos
"Ауыл әкімдігімен, мектеп басшылығымен, сыныптастармен ақылдаса келе өзімізбен бірге оқыған, бүгінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін Анастасияға көмек беруді ұйғардық. Түрлі салаларда еңбек етіп жүрген сыныптас достарымызбен осы істі жасап, 9 баласы бар сыныптасымызды қуантқымыз келді", - дейді 20 жылдық түлектер.

Олар алдымен ауыл шетінен жер алып, үйдің іргетасынан бастап өру, сылау, шатырын жабу, әктеп-сырлау жұмыстарына дейін жүргізіп, кейін ауыл әкімдігімен бірлесе отырып үйге электр жарығы мен ауыз суды да қосып берген.

Андрей мен Анастасия Волокитиндер. Фото: ernur.kz
Андрей мен Анастасия Волокитиндер. Фото: ernur.kz: Depositphotos

Айта кетейік, 20 жылдық түлектер бұған дейін өздері оқыған мектепке интерактивті тақта мен проектор, компьютер сыйға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788814-trkiistanda-20-zyldyk-tlekter-kp-balaly-otbasyg-baspana-syjlady/

pixel