RU
АҚШ-та дәмханаға келушілердің есепшотын жауып берген жомарт жан оққа ұшты
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-та дәмханаға келушілердің есепшотын жауып берген жомарт жан оққа ұшты

Рассказать Вконтакте

АҚШ тұрғыны Крейг Брюер дәмханаға келушілердің есепшотын түгелдей дерлік жаппағаны үшін Флорида штатында қаза болды. Күдікті қамауға алынды деп хабарлайды iz.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: vogazeta.ru

Фото: vogazeta.ru

Оқиға 7 сәуір күні Гейнсвилл қаласындағы Waffle House дәмханасында болған.

41 жастағы Брюер келушілердің есепшотын төлеп, әрқайсысына 20 доллардан ұстатты. Алайда жомарт жан Хикс пен оның екінші жартысын назардан тыс қалдырған екен.

Бойжеткен есепшотты өз ақшасымен төлеуге мәжбүр болғаны үшін наразылық білдірді. 25 жастағы жігіт Брюермен текетіресіп, бірнеше минуттан кейін дәмханадан шығып кетті. Артынша тапаншамен оралып, ер азаматқа тап берген екен.

Төбелес үстінде Хикс қарсыласын атып жіберді. Брюер оқиға орынында көз жұмды.

Полиция қызметкерлері бақылау камерасынан жазбаларды алып, сол жерде Хиксты құрықтады.

Құқық қорғаушылар "оқиға бірнеше минутта болғанын" хабарлады.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel