RU

Нұр-Сұлтанда ҰҚҚ қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан полицейлерді құрықтады

Нұр-Сұлтанда өткен жылдың тамыз айында 658 грамм героин сатты және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ЕҚКБ басшысының орынбасары подполковник Кантурин және аға лейтенант тергеуші Әзімхан тұтқындалған. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Нұр- Сұлтанда ҰҚҚ қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан полицейлерді құрықтады
Көрнекі фото: sibnovosti.ru: UGC

Тұтқындалған азаматтардың кінәсі дәлелденіп, 29 наурызда оларға сот үкімі шыққан.

Әзімхан ҚК-тің 366 бабы 3 тармағы бойынша сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ҚАЖ-нің орташа қауіпсіз мекесінде жазасын өтейді.

Кантурин ҚК-тің 366 бабы 3 тармағы, 297 баптың 3-ші тармағы және 361 баптың бірінші тармағы бойынша он жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қатаң режимді түзеу мекемесіне жіберілді.

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте істеу құқынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788846-nrsltanda-kk-kyzmetkerleri-esirtki-saudasymen-ajnalyskan-policejlerdi-kryktady.html