RU
Қазақстан президентін сайлауға 9,4 млрд теңге ғана бөлінуі мүмкін
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстан президентін сайлауға 9,4 млрд теңге ғана бөлінуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президентін сайлауға үкімет қорынан 9,4 млрд теңге ғана бөлінуі мүмкін. "Ашық НҚА" порталында министрлер кабинетінің осындай қаулы жобасы жарияланған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Президент сайлауына 9,4 млрд теңге ғана бөлінеді

Фото: NUR.KZ

"ҚР үкіметінің қорынан 2019 жылдың республикалық бюджетте шұғыл қажеттіліктер үшін қарастырылған 9 404 771 000 теңге тоғызыншы маусымға белгіленген ҚР кезектен тыс президент сайлауына бөлінсін", - деп жазылған құжатта.

Осы сомадан Орталық сайлау комиссиясына 9 347 885 000 теңге, ал СІМ-не 56 886 000 бөлу жоспарлануда.

Бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі қадағалайтын болады.

Еске сала кетейік, ОСК кезектен тыс салау өткізуге 12 млрд теңге қаржы қажет екенін хабарлаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel