RU
Білім министрі бірінші маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Білім министрі бірінші маусымнан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова осы жылдың бірінші маусымынан бастап кімдердің жалақысы өсетінін айтты хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Абзал Қалиев

Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан/Абзал Қалиев

Шәмшидинованың сөзінше, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 пайызы білім саласына бөлінуде.

Осы орайда Білім және ғылым министрі бірінші маусымнан айлығы көтерілетін негізгі үш топты атады.

"Біріншісі, еңбек жолын енді бастаған жас мұғалімдер, колледж мұғалімдері, әлеуметтік психологтар, балабақша жетекшілері мен тәрбиешілері, тәрбиешілердің көмекшілері. Сонымен қатар қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы өседі", - деді ол.

Мысалы, еңбек өтілі екі-үш жылдық қалада істейтін әлеуметтік педагог, кітапханашы, тәрбиешілер қазіргі уақытта 55869 теңге алса, бірінші маусымнан соң 70 859 теңге алатын болады.

Ауылды жерде 69837 теңгеден 88573 теңгеге дейін ұлғаяды.

Қалада қызмет ететін тәрбиеші көмекшісінің жалақысы (еңбек өтілі 5 жылға дейін) 54 117 теңгеден 63904 теңгеге дейін өседі.

Ауылды жерде 67 713 теңгеден 79 880 теңгеге дейін ұлғаяды.

Еңбек өтілі екі-үш жылға жетіп қалған қаладағы педагог-психологтар қазіргі уақытта 65019 теңге алса, бірінші маусымнан 81565 теңге алады.

Ал ауылды жерде осыған дейін 81273 теңге алғандардың жалақсысы 101957 теңгеге дейін көтеріледі.

Еңбек өтілі екі-үш жылды құрайтын мұғалімнің жалақысы: қалаларда 55480 теңгеден 66 382 теңгеге дейін; ауылдық жерде 69351 теңгеден 82 976 теңгеге дейін өседі.

Айлығы өсетін екінші топқа қосымша көмекші персоналдар жатады. Олардың қатарына балабақшаның қатардағы қызметкерлері, еден сыпырушылар, күзетшілер, от жағушылар, сантехниктер мен электриктер кіреді.

Еңбекақысы өсетін үшінші топқа басқарушы персонал жатады. Олар оқу орнының басшылары, директорлардың орынбасарлары, балабақша басшылары.

Сіздің реакцияңыз
12
4
3
4
9
26
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel