Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз руынан қыз алған семейлік жігіт жанұясының ойран болғанын айтып берді

Опубликовано:

Семейлік азамат өзімен рулас қызға үйленіп, қалай опық жеп қалғанын баяндап берді. Ер адамның айтуынша, әке-шешенің батасын алмаған жастар көп ұзамай айырылысып тынған екен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: 7я.ру
Көрнекі фото: 7я.ру: Facebook

Жасы отыздан асқан ер адам осыдан бес жыл бұрын отбасын құрған. Бір қызығы жігіттің қалауы өз руының қызына түсіпті.

"Рая екеуміз бір мектепте оқығанбыз. Кейін оның отбасы қалаға көшіп кетті. Оны тек Семейге оқуға түскен соң, студент кезімде ғана көрдім. Екеуміз бала күнімізден бір рудан екенімізді білетінбіз.

Тіпті бала күнімде оның туыстарын үйге қонаққа да жиі шақыратынымыз есімде қалыпты.

Сөйтіп басында аға-қарындас болып араластық. Кейін жап-жақсы достасып кеттік. Бір-екі жыл осылай араласып жүріп, арамызда сезім бар екенін білдік.

Әрине қазақта бір рудан қыз алмайды дейді, бірақ мен сол дәстүрге қарсы шығып, Раяға үйленетін болып шештім. Әке-шешеміз басында қарсы болғанымен, кейін біздің көңілімізге қарап, келісімін берді.

Бірақ отбасылық өміріміз ұзаққа бармады. Бес жылан соң, арада бала болмағаннан кейін, ажырасып тындық", - дейді азамат.

Оның айтуынша, жас отбасында бала болмауының да бірден бір себебі – алыс туыстық қатынастар болуы мүмкін екен.

"Дәрігерге де, тәуіпке де, бәріне бардық. Бірақ арманымыз орындалмады. Жанұя болған соң, арада бала болмаған қиын екен.

Рая соны ойлап, көп жылайтын. Ақыр аяғы мені кінәлі етіп қоятын. "Ата-анаң қарсы болды, батасын алмадық, қарғысы тиді" деп көп артық сөз айтатын.

Осындай сөзді жиі естігендіктен болар, оның үстіне ата-анамыздың да арасы суып кеткендіктен бе, әйтеуір жолымыз екі айырылсын деген шешімге келдік.

Өткенде Раяға құда түсіп, тұрмыс құрғалы жатыр дегенді естідім. Тағдыр бірге болуды жазбады, бәлкім енді екеуміз де бақытымызды табармыз.
Қайткен күнде де бір атадан қыз алған жөн болмайды екен. Қазақтың ырым-жоралғыларына атүсті қарауға болмайды, оның дәлелі - біз сияқты бағы жанбаған адамдар шығар", - дейді ер адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788901-1604z-ruynan-kyz-algan-semejlik-zigit-zanasyny-kalaj-ojran-bolganyn-ajtyp-berdi/

pixel