RU
"Ресей аруы - 2019" жеңімпазы желідегілерге жақпай қалды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

"Ресей аруы - 2019" жеңімпазы желідегілерге жақпай қалды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ғаламтор қолданушылары "Ресей аруы - 2019" атағына 20 жастағы Алина Саньконы лайық деп тапқан қазылар алқасын сынап тастады деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Байқаудың ресми сайтында көрсетілгендей Санько бейнелеу өнерімен айналысып, бірнеше рет өнер Олимпиадасынан бірінші орындарды иеленген.

Алайда байқаудың Instagram парақшасында сұлудың суреттері жағымсыз пікірлердің астында қалды. Желі қолданушыларының Ресейдегі ең сұлу бойжеткенге көңілдері толмаған екен.

"Ресей аруы" бұрынғыдай емес", "Ресейде әдемі қыздар көп қой", "Қазылар алқасының таңдауы қызық екен", "Вице ару одан да сұлу", - деп жазды желі қолданушылары.

Халықтың жаппай сынына іліккеніне қарамастан, Санько жеңімпаз атанғаннан кейін үш млн рубль қаржылай сыйлықты қанжығасына байлады.

Енді ол халықаралық "Әлем аруы" мен "Ғаламшар аруы" байқауларына Ресейдің атынан шығатын болады.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel