RU
Қарағанды облысында жүкті әйел ХҚКО-да өзінің қайтыс болғанын білген
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында жүкті әйел ХҚКО-да өзінің қайтыс болғанын білген

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы ХҚКО-да келеңсіз жағдай орын алды. Жүкті келіншекті тірі кезінде өлтіріп тастаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қарағанды облысында жүкті әйел ХҚКО-да өзінің қайтыс болғанын білген

Көрнекі фото: pixabay.com

Мемлекеттік органдардың жіберген қатесі жайлы келіншектің туысқаны әлеуметтік желіде баяндаған. Оның сөзінше, ол келініне жәрдемақы рәсімдеу үшін қажетті мекенжай анықтамасын алуға ХҚКО-қа барған.

Алайда ол жерде оған әйел адамның қайтыс болғаны жөнінде анықтама берген. Бұл келіншектің денсаулығына әсер етіп, түсік тастау қаупі туындаған.

"Қалай мәліметтерді шатастырып, тірі адамды өлтіруге болады", - деп әйел адам ашуын жасырмады.

Шахтинск қаласының полиция қызметі мен ХҚКО мән-жайды тексеріп, қатені анықтаған.

Қарағанды облысы ПД-нің мәліметінше, мекенжай анықтамасындағы қате кетуіне АХАТ қызметкері себепкер.

"Қайтыс болған азаматтар туралы мәліметтер "Жеке тұлға" мемлекеттік мәліметтер базасына АХАТ ақпараттық жүйесі арқылы енгізіледі. Бұл жағдайда қайтыс болу туралы қате ақпаратты Шығыс-Қазақстан облысының АХАТ қызметкерлері енгізіп отыр", - деп хабарлады полиция департаментінде.

Қазіргі кезде басқа облыс АХАТ қызметкерлері не себепті тірі адамды қайтыс болды деп енгізгені анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
11
7
3
1
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel