RU

Нұр-Сұлтанда Тоқаевтың тіркелген мекен-жайы тексерілмек

Қазақстанда сайлау 9 маусымда өтеді. Осыған байланысты, Нұр-Сұлтан әкімдігі елорда басшысы Бақыт Сұлтанов пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қайда дауыс беретінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Азаттық
Фото: Азаттық: Instagram

Әкімдікте президент сайлауында дауыс беру құқығы қарапайым азаматтан мемлекет басшысына дейін тең екенін айтты.

Сондықтан, сайлау алдында барлық астаналықтар сияқты шенеуніктердің де тіркелген мекен-жайы тексеріледі. Сол арқылы олардың сайлау учаскелері белгілі болады.

Осы орайда тілшілер Бақыт Сұлтановтың қай жерде дауыс беретінін анықтап көрді.

"Жоғары тұрған басшылықпен олардың мекен-жайларын тексеретін боламыз, тиісінше, сайлау учаскелерінде бар-жоғын қарайтын боламыз. Құқық барлығында тең болады. Ол азамат ретінде өзі тіркелген, заңмен белгіленген учаскеге келеді", - деді әкім аппараты басшысының орынбасары Азамат Ахметжанов.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың тіркелген мекен-жайы да тексеріледі.

"Әрбір азамат, тіпті біздің президентіміз, белгілі бір мекен-жайға тіркелген. Тиісінше, бұл мекенжай сайлау учаскесіне бекітіледі.
Білу қажет болса, біз базадан оның тіркелген мекен-жайын тауып, біліп, ай сайлау учаскесіне қарасты екенін анықтайтын боламыз", - деп толықтырды әкімдікте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1788917-kazakstandagy-sajlau-nr-sltanda-tokaevty-tirkelimi-tekseriledi.html