RU
Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы жауынгерлері жатқан зиратты қиратып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде Ұлы Отан соғысы жауынгерлері жатқан зиратты қиратып кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе вандалдар бауырластар зиратын ойрандап кеткен. Қаскөйлер жауынгерлер жатқан зираттың шойын темірлерін қиратып, сыпырып алып кеткен. Қорымда соғыс жылдары майданда жараланып, госпитальда көз жұмған 300-ге жуық сарбаз жерленген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фото: NUR.KZ

фото: NUR.KZ

Зират басында парша-парша болып шашылған темірлерді көрген тұрғындар да шошып отыр.

"Осы зираттың қасында тұрғаныма 35 жылдай болды. Мұндай масқараны бірінші рет көруім. Құдайдан да қорықпайтын адамдар бар. Барлық шойын қоршауларды тонап кеткен. Бұл бір-екі адамның жұмысы емес. Темір қабылдайтын орындар ұрланған зат екенін біліп, қабылдамау керек. Соған заңмен тыйым салынса мұндай сорақылықтар болмайтын еді",-деді қала тұрғыны Аманғазы Шабақов.

Бұл жағдайға қатысты полиция тарапынан іс қозғалып, темір-терсек қабылдау орындарына тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Гормолзавод" аумағында орналасқан Бауырластар мазарынан темір қоршаулардың ұрлану дерегіне қатысты қылмыстық кодекстің 188-бабы бойынша сот алды тергеу-тексеру амалдары жүргізілуде. Металл қабылдау орындары тексерілуде",-деді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ал зиратты сенімгерлік басқаруға алған мекеме полицияға арызды өздері түсіргенін алға тартты.

"Бұл бір-екі күнде болған жағдай. Қоршаулардың ұрланғаны туралы полицияға хабар бердік. Ол жерді біз 5 жылға сенімгерлікке алған болатынбыз. Қазіргі уақытта қалада 40 -тан аса зираттар бар. Бәрінде кезекті тексерістер өтіп, тазалық жұмыстары жүріп тұрады",-деді ритуалдық қызмет көрсету мекемесінің басшысы Сәбит Дүйсенов.
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel