RU
"Өзіңе ғашық етіп жүрсің": Қайрат Нұртас әйеліне ерекше тілек арнады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Өзіңе ғашық етіп жүрсің": Қайрат Нұртас әйеліне ерекше тілек арнады

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас желіде сүйген жары Жұлдыз Әбдікәрімованы туған күнімен құттықтап, жүрекжарды тілегін жолдады. Шоу-бизнес жұлдызы төрт баласының анасын жер-көкке сыйғызбай мақтап, оған деген ыстық сезімін білдірген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртас он жылдай жасырып келген келіншегін Instagram желісінде ерекше құттықтады.

Әнші әйелінің туған күніне орай жантебірентерлік жазба арнап, дүйім жұрттың көзінше оны қалай сүйетінін жеткізген.

"Анамнан кейінгі үйімнің жәннәты, берекесі, мәңгілік маxаббатым Жұлдызым, туған күніңмен! Алланың берген өмірін бақытты етіп сүруімізді маңдайымызға жазсын! Екі дүниеде де бірге болуды нәсіп етсін!
Бұл өмірде барлығы "идеально» болуы мүмкін емес әрине, бірақ өзіңнің ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, көркіңмен одан әрі өзіңе ғашық етіп жүрсің! Шын жүрегіммен сүйем сені Жұлдызым! Ты моя планета ғой! 30 дан кейін осындай сөздер шығып, көңілшек болады екенсің деп жылап жіберсең" , - деп жазған әнші.

Хитменнің жазбасы желі оқырмандарын сүйсінтті. Көпшілік әртістің жүрекжарды тілегіне тәнті болып, Жұлдызға өздерінің ізгі тілектерін жаудырған.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel