Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ жазушысы Оспан батырға арнап кітап шығарды

Опубликовано:

Алматыда қазақ қаламгері, белгілі жазушы Жәди Шәкенұлының әдеби кеші өтті. Ғұмырын қазақ тарихындағы ақтаңдақ оғиғаларды зерттеуге арнаған жазушының әдеби кеші аясында Жәди Шәкенұлының бірден алты кітабының тұсауы кесілді.

Танымал қазақ жазушысы Оспан батырға арнап кітап шығарды
Жәди Шәкенұлы. Фото: Baq.kz: Instagram

Арғы беттен келген ағайынның арасынан әдебиет әлеміне өзіндік қолтаңба қалдырып үлгерген жазушының «Бозмұнар» романы, «Алтай алыптары», «Оспан батыр және Шығыс түркістан мәселелері» атты зерттеу еңбектері, «Қытай қазақтарының әдебиеті» атты әдеби сын-зерттеулері, «Бегзат сөз» атты кітаптары оқырманға жол тартты.

Сонымен бірге, оқырмандар сұранысы бойынша «Қаралы көш» кітабы Ахмет Байтұрсынұлы үлгісіндегі төте жазумен де жарық көрді. Аталған шығармалардың тұсаукесерінде Темірхан Тебегенов, Жанат Ахмади, Ғалым Жайлыбай сынды белгілі тұлғалар пікір білдіріп, бағаларын берді.

"Жаңа толық өздерінің оқырмандарына ұнайтын жаңа қарқынды, көркемі биік туындыларымен келді. Солардың қатарында қазір біз отанымызға танымал болған көрнекті қаламгерлерімізідң бірі Жәди Шәкенұлын айтамыз. Жәди Шәкенұлының шығармашылығындағы басты мәселе ол қазақ тарихының, бізге Қазақстан оқырмандарына беймәлім тұстарын ашумен болды. Шығыс Түркістан, Шыңжаң қазақтарының тілі өзінің бай-құнарлығыменен, қазақтың бай, әдеби, сөздік қорындағы терең мағыналы сөздерді сақтауымен ерекшеленеді. Жәди Шәкенұлының аталған романдарында да, өзінің көркем басқа туындыларында да осы қазақ сөзінің қаймағы бұзылмаған бұрынғы ата-бабалық үлкен оралымдарын қолданумен ерекшеленеді", - деді филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов.
  • Қаламы қарымды Жәди Шәкенұлы 1967 жылы Қытай аумағына қарасты Өр Алтайда дүниеге келген. 1997 жылы Атажұртқа оралған жазушы «Шалқар», «Қазақ әдебиеті», «Жас қазақ үні» газеттерінде жауапты қызметтер атқара жүріп, «Бір уыс сәуле» прозасы, «Жүрек неге жылайды» әңгімелер жинағы, балалар әдебиеті тақырыбында «Ақ балапан», «Арманшыл бала» кітаптарын жазған.

Ал елінің азаттығы үшін арпалысқан Елісхан туралы "Қаралы көш" романы түркі тіліне де аударылып үлгерді.

"Бүгіндері отанға оралған тәуелсіздіктен кейін қаншама қандас қаламгерлер бар. Ал олар осы топыраққа құр келген жоқ. Елімнен аламын деп емес, беремін деп келді. Басы Қалифа Алтай марқұмнан басталған рухани дүниеміз осы Отан топырағында жаңғырып жатыр. Елбасымыздың "Ұлы даланың жеті қыры" мақаласында айтады, төл тарихыңды біл, төл тарихыңмен мақтанатын бол деп. Соны өзіңнің ұрпағыңа мирас ет деп. Сол тұрғыдан келген кезде біз тарихымызды, төл мұратымызды ұрпақтың санасына тереңдей сіңіру осы буынның борышы деп есептелетін болсақ, шеттен келген қаламгер ағайын сол бостықты толтыру үшін, сол жыртықты жамау үшін әл әрекетінше еңбек етіп, қаншама жылдардан бері қарай Тәуелсіздікке көл көсір байлықтар әкелді деп есептеймін. Ал менің істеп жатқан ісім, болмашы туындылар сол қарылғаштың қанатымен су сепкендей өзімнің болмашы үлесім деп ойлаймын", - дейді жазушы Жәди Шәкенұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1788936-ospan-batyr/

pixel