Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуі қалай өтті (фото)

Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев шағын құрамда кездесу өткізді деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуі қалай өтті (фото)
Фото Аkorda.kz: UGC

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін мемлекет басшылары келіссөздер жүргізді.

Тоқаев жылы қарсы алып, қонақжайлық көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке ризашылық білдіріп, осы мемлекеттік сапардың маңыздылығын атап өтті.

"Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев мықты әрі үйлесімді екіжақты қатынастарды қалыптастыруға зор үлес қосты. Сіздер де екі мемлекеттің көшбасшылары ретінде Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықты биік деңгейге көтердіңіздер", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуі қалай өтті (фото)
Фото Аkorda.kz: UGC

Мемлекет басшысы екіжақты ынтымақтастықтың сапасы мен ықпалдастықтың мазмұнына жоғары баға берді, сондай-ақ, келіссөздердің күн тәртібінде тұрған барлық мәселе бойынша жемісті пікір алмасатынын айтты.

"Менің міндетім байланыстарымыздың сабақтастығы мен жоғары қарқынын сақтау деп ойлаймын. Мен де өз тарапымнан қазақ-өзбек ынтымақтастығының еш кедергісіз өркендеп, дамуына барлық мүмкіндікті жасаймын. Кеше саяси, тарихи, мәдени, гуманитарлық сияқты бірқатар мәселеге қатысты алдын ала пікір алмастық және тарихи тұрғыдан халықтарымызға ортақ көп дүние бар деген түсінікке келдік. Бізді ортақ тарихи тағдырымыз, туыстас тіліміз, дініміз бен мәдени құндылықтарымыз біріктіреді", - деді Қазақстан президенті.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Өзбекстандағы Қазақстан жылын өткізуге мүмкіндік туғызғаны үшін алғыс айтып, бұл шараның екі мемлекет халқын жақындастыру тұрғысынан алғанда аса маңызды екенін атап өтті.

Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуі қалай өтті (фото)
Фото Аkorda.kz: UGC

Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан президенті қызметіне кірісуімен құттықтап, Өзбекстан республикасына мемлекеттік сапармен келгені үшін ризашылық білдірді.

"Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлін ерекше атап өткім келеді. Сол кісінің арқасында өзара қарым-қатынастарымыздың жоғары деңгейге көтерілуіне қол жеткіздік. Сіз де министр, премьер-министр, сенат төрағасы қызметтерін атқарған кезіңізде екі ел байланыстарын жақсартуға септігіңізді тигіздіңіз", - деді Шавкат Мирзиёев.
Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуі қалай өтті (фото)
Фото Аkorda.kz: Original

Сонымен қатар, Өзбекстан республикасының басшысы қазақстандық тарапқа екіжақты байланыстардың нығаюына тың серпін берген Қазақстандағы Өзбекстан жылын табысты өткізгені үшін ризашылық білдіріп, атап өтті.

Жоғары дәрежеде өткен келіссөздер барысында мемлекет басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Еске сала кетейік, Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барған болатын. Екі ел президенттерінің кездесуі Ташкенттегі "Куксарой" президент резиденциясында өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1788943-tokaev-pen-mirzieevti-kezdesui-kalaj-tti-foto/

pixel