RU
Оркестрмен қарсы алды: Ташкенттегі президенттер кездесуінен видео жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

Оркестрмен қарсы алды: Ташкенттегі президенттер кездесуінен видео жарияланды

Рассказать Вконтакте

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Ташкент қаласына барып, Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездесті. Салтанатты түрде өткізілген шараның видеосы Өзбекстан басшысының Facebook парақшасында жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ташкентте өткен Тоқаев пен Мирзиеевтің кездесуінің видеосы жарияланды

Куксарой резиденциясы Фото: facebook.com/Mirziyoyev

Екі ел басшыларын Өзбекстан президенті резиденциясы - "Куксарой" алаңында оркестрмен қарсы алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеевті қазақстандық және өзбекстандық жоғары лауазымды шенеуніктер күтіп тұрған.

Олар шыққан кезде әнұран ойнай бастады.

Салтанатты шараның видеосы Өзбекстан президентінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

Қазақстан тарапынан президент әкімшілігі басшысының орынбасары Дархан Қалетаевты, сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловты, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты және тағы басқа министрлерді көруге болады.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Өзбекстанға барды.

Келіссөздерден кейін екі ел басшылары бірлескен мәлімдеме жасаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel