RU
Нұр-Сұлтандағы концерт кезінде адамдар бірін-бірі таптап кете жаздады (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Нұр-Сұлтандағы концерт кезінде адамдар бірін-бірі таптап кете жаздады (видео)

Рассказать Вконтакте

Өткен демалыста Нұр-Сұлтанның сауда орталықтарының бірінде "Самая вышка" әнінің авторлары Raim & Artur концерт берді. Әншілердің өнер көрсетуін тамашалауға жиылған жұртшылықтың көп болғаны соншалық, орталықта ине шаншар жер болмаған. Іс-шара барысында отандық жұлдыздардың жанкүйерлері бір-бірін таптап кете жаздады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Скриншот: Instagram.com/khanshatyr

Скриншот: Instagram.com/khanshatyr

"Хан-Шатыр" сауда орталығында өткен концертке барша елорда тұрғындары келген секілді.

Іс-шара кезінде түсірілген видеолардан орталықтың өнер сүйер қауымға лық толы болғанын аңғаруға болады.

Анықталғандай, күзетшілер бір-бірін таптауға әзір болған адамдарды әрең ұстап тұрған.

"Мына концертке ағылған жұртшылықты қара. Сауда орталығы концерт өткізетін жер ме өзі? Бұл концерттік зал емес қой. Шыны керек, тым қорқынышты болды.

Эвакуация қажет болған жағдайда ешкім де тірі қалмас еді. Себебі, біздің адамдар нағыз жабайылар. Күзетшілер бір-бірін таптауға дайын тұрған көпшілікті ұстап тұруға мәжбүр. Мұндайды көрген де ұят!

Ата-аналар балаларыңызды тәртіпке салыңыздар, дұрыс тәрбилеңіздер. Кеше ерсі қылық танытты барлығы. Тәртіпке салуды өзіңізден бастаңыз. Себебі, кеше қартайған тәтелер өз телефондарымен сахнаға шығып кетуге аз қалған" , - деп жазды елорда тұрғыны Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында.

Концерт кезіндегі видео әлеуметтік желілердің көптеген пабликтеріне тарап кетті.

"Тегін концерт деген осы" , "Олар сондай танымал, неге дені дұрыс зал жалдамаған" , " Бұл дұрыс емес. Өрт шықса, ешкім шыға алмайды мұндай жерден" , "Мен ол жерде болдым. Өте көңілді өтті. Тек ауа жетіспеді адам көп болған соң" , - деп жазуда көпшілік.

Raim&Artur болса өз кезегінде, Instagram парақшасында бұл концерт кезінде сауда орталығына келген адамдар саны жөнінен рекорд жасағанын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
7
1
2
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel