RU
Алматыда көше ортасында әйелін тепкілеп, ұрып тастаған азамат ұсталды

Алматыда көше ортасында әйелін тепкілеп, ұрып тастаған азамат ұсталды

Рассказать Вконтакте

Алматы полицейлері көшенің қақ ортасында келіншекке шабуыл жасаған күдіктіні ұстады деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті елорда тұрғыны және зардап шеккен келіншектің жұбайы болып шыққан. Ал жәбірленуші полицияға арыз тастамапты.

Қазір іс куәгердің арызы бойынша қарастырылып жатыр. Оның қылмыстық немесе әкімшілік іс ретінде қозғалатыны алдағы уақытта белгілі болады.

Айта кетейік, осы демалыс күндері әлеуметтік желіде көшенің қақ ортасында келіншекке шабуыл жасаған азамат туралы ақпарат тараған еді. Куәгерлер күдіктінің әйелге айғайлап, балағаттағанын және ұрғанын айтқан.

Артынша ашулы азамат араға түскен әйелге де қол көтерген.

Сіздің реакцияңыз
1
0
3
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel