RU
Браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің отбасына "Барыс" ордені берілді
Жаңалықтар Қоғам

Браконьерлер қолынан қаза тапқан Ерлан Нұрғалиевтің отбасына "Барыс" ордені берілді

Рассказать Вконтакте

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан инспектор Ерлан Нұрғалиевтің отбасына ІІІ дәрежелі "Барыс" ордені табыс етілді деп хабарлайды ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ақпаратына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ницык Петров Алексеевич пен Нұрғалиев Ерлан Балғабекұлын (қайтыс болғаннан кейін) Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Министрлік атынан награданы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Нысанбаев Ерлан Нұралыұлы инспектор Нұрғалиев Ерланның әкесіне және Ницык Петрге табыстады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Еске салсақ, 2019 жылдың 13 қаңтарында Қарағанды облысы Нұра ауданында "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторы Нұрғалиев Ерлан сирек кездесетін және жоқ болып кету қаупi төнген жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау бойынша іс-шараларды жүргізу барысында браконьерлердіӊ қолынан қаза тапқан болатын.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті

Нысанбаев мемлекеттік наградаларды табыс ете отырып, бұл оқиға бүкіл республиканы күйзелтіп, табиғат қорғаушылар мен қарапайым халық арасында резонанс тудырғанын айтты.

"Тәжірибелі және кәсіби маманның мезгілсіз қайтыс болуы қазақстандық табиғаттың браконьерлік пен қара нарық алдында қорғалмағанын көрсетті. Өз тарапынан министрлік ауыр, экстремалды-климаттық жағдайларда жұмыс істейтін инспекторларды қорғауды заңнамалық деңгейде күшейтуге қол жеткізетін болады. Біздің табиғатты қорғауға барлық мемлекеттік органдар мен жұртшылық мүдделі болуы тиіс. Ерлан Нұрғалиевтің іс-әрекеті болашақ ұрпақ үшін ерлік пен патриотизмнің үлгісі ретінде мәңгі есте қалады",- деді ол.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel