Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе тұрғыны жеке куәлік тауып алып, соған несие рәсімдеген

Опубликовано:

Ақтөбеде жеке куәлік тауып алған азамат оған несие рәсімдеп алған. Басқа біреудің құжатын иемденген ол несиеге техника алып-сатып, букмекерлік кеңседегі ұтыстардан жеңіліпті. Ал қылмысы әшкере болған соң күдікті Ресейде бас сауғалаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: ivbg.ru
Көрнекі фото: ivbg.ru: Twitter

24 жастағы ақтөбелік Арсен. И Ақтөбе орталық даңғылындағы спорт кешені маңынан жеке куәлік тауып алады.

Артынша ол тұрмыстық техника дүкеніне барып, несиеге джойстик, екі компьютерлік ойын, смарт-сағат пен фитнес-білезік, сондай-ақ, ұялы телефон мен ойын қосымшасын алған.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, жалпы тұтынушылық несие оған 985 теңгеге мақұлданады.

Бір аптадан кейін басқа куәліктегі текті атаған азамат несиеге 335 мың теңге тұратын Iphone маркалы ұялы телефон сатып алады. Дәл осындай жолмен ол бір ноутбук иесі атанады.

Ұзақ уақыт бойы күдікті Ресейде жасырынған. Экстрадициядан соң ғана ол сот алдына келіп, жеке куәліктегі азаматқа қатты ұқсайтынын айтыпты.

Осылайша, ол несие рәсімдеу үшін құжатты өзіне қалдырғанын растады. Күдікті несиеге алған техникаларды жарнама сайттары арқылы сатып, букмекерлік кеңседе ұтыстардан жеңілген.

Азаматтың айтуынша, ол Ресейге ақша тауып, қарызын төлеу үшін кеткен екен. Алайда, ол жақта да қарызға батқан көрінеді.

Сот Арсен. И-ге алаяқтық үшін екі жылға бас бостандығынан айыру және екі банкке 2 млн теңге өтемақы төлеу жазасын бекітті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789021-aktbe-trgyny-tauyp-algan-zeke-kulikke-nesie-rsimdep-algan/

pixel