Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент әкімі тұрғындарға түсініксіз жауап беретін қызметкерлерін сынады

Опубликовано:

Шымкент әкімі қол астындағы қызметкерлердің тұрғындар сауалдарына беріп келген жауаптарын сынға алды. Айтуынша, тым қиын әрі түсініксіз берілген жауаптарды кейде әкімнің өзі де түсінбейді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Шымкент әкімі тұрғындарға түсініксіз жауап беретін қызметкерлерін сынады
Ғабидолла Әбдірахымов. Фото: Шымкент қалалық әкімдігі: UGC

Бұл туралы Ғабидолла Әбдірахымов қалаға қарасты төрт аудан әкімі және басқарма басшыларымен өткен жиында айтты.

Мәжілісте Шымкенттің инфрақұрылым жүйелері мен шаһарды абаттандыру, жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары, құрылыс пен тұрғын үй инспекциясы салалары бойынша жауаптылардың жұмыстары талқыланды.

Атқарылған жұмыстар туралы сала мамандарының баяндамаларын тыңдаған Ғабидолла Әбдірахымов оларға халықпен етене араласып, белсенді жұмыс жүргізу керектігін тапсырды. 

"Тұрғындардың қарапайым ғана сұрақтарына түсініксіз сөйлемдермен жауап беруді тоқтатыңыздар. Кейде сіздердің берген жауаптарыңызды өзім де түсінбей қаламын. Қарапайым, түсінікті сөздермен жазыңыздар.

Әлеуметтік желілерде белсенді болыңыздар. Әр сұраққа нақты жауап беру керек.

"Иә" немесе "Жоқ". Бітті! Сонда ғана сіздер өз басқармаларыңыздың жұмысына қатысты халықтың қарсы пікірін алдын ала аласыздар.

Сіздер тұрғындардың басқа шаруасы жоқ деп ойлайсыздар ма? Ойланыңыздаршы, түсінікті жауап алған адам сізге келіп қайтеді?", - деді Шымкент әкімі. 

Бұдан өзге шаһар басшысы жұмыстың саны емес, сапасына мән берілу керектігін де кесіп айтты. 

"Ең алдымен сапаға мән берілсін. Өз міндеттеріне салғырт қарайтын мердігерлерге шара қолданылады. Жалпы стратегиялық жұмыстармен қатар, халықтың талап-тілектеріне жауап беріп, бақылап отыру керек.

Менің instagram парақшама кіріңіздер, ондағы комментарийлерді мұқият оқыңыздар, қала тұрғындарының өзекті шағымдары бар.

Әрдайым әлеуметтік желіде тұрғындардың арыз-шағымын бақылап отырыңыздар", – деді ол. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1789023-zim-de-tsinbejmin-symkent-kimi-trgyndarga-mardymsyz-zauap-beretin-sendilerdi-synady/

pixel